БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Nature журналындағы жаңа зерттеу Каспий теңізіне қатысты апатты болжамдарды растады
«Save the Caspian Sea» жаһандық экологиялық қозғалысы Nature журналында жарияланған Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі және оның қоршаған орта, инфрақұрылым мен аймақ экономикасына әсері туралы ғылыми зерттеуге байланысты терең алаңдаушылық білдіреді.
Ұлыбритания, Қазақстан және Ресей ғалымдарынан құралған халықаралық топ жүргізген зерттеу XXI ғасырдың соңына дейін Каспий суының төмендеуінің ықтимал сценарийлерін және олардың кең ауқымды салдарын жүйелі түрде талдады.
«Мақалада келтірілген ғылыми сурет біз күткен ең ауыр қауіптерді растайды. Каспий теңізі қарқынды тартылу кезеңінде және оның салдарын елемеуге болмайды», – дейді «Save the Caspian Sea» қозғалысының негізін қалаушы Вадим Ни.
Халықаралық зерттеу тіркеген негізгі деректер бойынша, жағымсыз сценарий іске асса, Каспий деңгейі 2100 жылға қарай 21 метрге дейін төмендеуі мүмкін. Су 5 метрге азайса, каспий итбалығының көбею аумағы 81%-ға қысқарады. Теңіздің қорғалатын аймақтарының 94%-ы маңызын жоғалтады, ал аймақ экономикасы жыл сайын 10 миллиард доллардан астам шығынға ұшырауы ықтимал.
Егер су деңгейі 10 метрге түссе, бекіре тұқымдас балықтардың жаз-күзгі уылдырық шашатын жерлерінің 45%-ға жуығы жойылады, ал Ақтау порты судан 89 км қашықта қалады. Су деңгейі сыни төмендеген жағдайда, Каспийдің 37% аумағы (шамамен 143 000 км² су беті) толық жойылуы мүмкін.
Ғалымдардың айтуынша, теңіз деңгейінің төмендеуі экожүйелердің тозуына, биоәртүрліліктің жоғалуына, кеме қатынасының бұзылуына, дәстүрлі кәсіптердің жойылуына және жағалаудағы қауымдастықтар дағдарысына әкеледі. Судың шегінуінен кейін пайда болатын жаңа құрлық учаскелері ауыл шаруашылығы мен қоныстануға жарамсыз болады. Қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі шекараларға негізделген тәсілдері өзектілігін жоғалтады.
Айта кетейік, 2005 жылдан 2023 жылға дейінгі мониторинг деректері бойынша, Каспий теңізі деңгейі 185 см-ге төмендеген, ал су бетінің ауданы 31 мың шаршы шақырымнан астамға қысқарған.
Қозғалыс туралы:
«Save the Caspian Sea» жаһандық экоқозғалысы 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстандық және халықаралық ҮЕҰ-лардың қатысуымен құрылды. Оның мақсаты – Каспий теңізінің бірегей экожүйесін сақтау және мұнай корпорацияларының экологиялық салдарлар үшін жауапкершілігін арттыру.
Қозғалыстың талаптары:
Қозғалыс аймақ экологиясына қоғам назарын аудару бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Атап айтқанда, сарапшылар, белсенділер, ғалымдар, депутаттар мен БАҚ өкілдері қатысқан «You.Sea.Problem» халықаралық конференциясы ұйымдастырылды. «Каспий теңізі: құтқаруға бола ма?» атты үш тілде кітап, «Каспийдің үні» деректі фильмі және теңіз мәселелеріне арналған бейнебаяндар сериясы жарық көрді. Барлық материалдар www.savethecaspiansea.com сайтында қолжетімді.
«Save the Caspian Sea» қозғалысы БАҚ өкілдерін Каспийдің экологиялық проблемалары мен мұнай компанияларының жауапкершілігі мәселелерін көтеруге шақырады. Қоғамдық резонанс пен ақпараттандырылу – аймақ экожүйесін сақтау үшін қажетті шараларды қабылдаудың басты шарты.
Мақалаға сілтеме Каспий теңізі деңгейінің тез төмендеуі экожүйенің тұтастығына, биологиялық
әртүрлілікті қорғауға және адами инфрақұрылымға қауіп төндіреді

- Каспийдегі барлық мұнай жобаларына халықаралық экологиялық аудит жүргізу;
- Келісім-шарттардағы экологиялық стандарттарды ашу.