АТЫРАУ – 2-4 сәуір аралығында 22-ші Солтүстік-Каспий аймақтық «Atyrau Oil & Gas 2025» көрмесі өтті. Аталған көрме мұнай-газ саласының көшбасшыларын дәстүрлі түрде жинайды. Биыл ірі өнеркәсіптік компаниялардың стендтері арасында Save the Caspian Sea экологиялық қозғалысының стенді де пайда болды. Бұл бизнестің табиғат алдындағы жауапкершілігі туралы диалогтың басталуына айқын белгі болды. Қозғалыс өкілдері үгіт-насихат жұмыстары арқылы қатысушыларды Каспий теңізіндегі экологиялық дағдарысқа назар аударып, мұнай компанияларын жауапкершілікке шақырды.
Қозғалыс өз мақсатының мұнай компанияларын сынау немесе олардың қызметіне қарсы тұру емес, керісінше сындарлы ынтымақтастық құру екенін атап өтеді. Бұған дейін экологиялық мәселелерді дөңгелек үстелде талқылау бойынша бірнеше рет бастама көтерілгенімен, мұнай компанияларының көпшілігі бұл ұсыныстарға жауап бермеген.
«Біз көрменің толыққанды қатысушысымыз. Тіркеу жарнасын да, алаңды жалдау ақысын да толық төледік. Біз өз павильонымызды Каспий теңізінің экологиясы алдындағы жауапкершілікке үндеу ретінде орнаттық. Біз мұнда қоғам мен бизнесті Каспий теңізі бетпе-бет келіп отырған дағдарыс туралы ақпараттандыру үшін келдік. Мұнай-газ компаниялары дөңгелек үстелге келмегендіктен, біз олардың алаңына келдік. Олардың стратегиясы – бізді елемеу, бірақ біз Каспийді қорғау жолындағы күресімізді белсенді жалғастырамыз», – деді Save the Caspian Sea қозғалысының негізін қалаушы Вадим Ни.
Көрме аясында үш ірі мұнай компаниясының сатып алу бойынша семинарлары өтті, онда экологтар зиянды шығарындылар мен тастандыларды ұстауға арналған жабдықтарды сатып алу бойынша тендерлерге қатысты сұрақтар қойды. Олар сондай-ақ үшінші буынды зауыттың іске қосылуын ескере отырып, осындай сатып алуларға бұрын және болашақта бөлінетін қаржы көлемін нақтылауды сұрады. Save the Caspian Sea қозғалысының өкілі Галина Чернова компаниялардың сатып алу тізімінде экологиялық тармақтардың болмауына назар аударды.
Мұнай компаниялары үшін үйреншікті сұрақтар күтпеген жағдайға алып келді. Компания өкілдері қажетті ақпаратты беруге дайын эколог мамандарының жоқтығын айтып, ресми сұрауды бас директордың атына жіберуді ұсынды. Кейін қозғалыс өкілдеріне әлеуметтік желілерден компаниялардың жауаптарын өшіру туралы талап қойылып, қысым жасалды.
«Көрмеге қатысқанымызға қуаныштымыз және оны сәтті өтті деп есептейміз. Сатып алу семинарында туындаған келеңсіз жағдайды қоспағанда, көрмеге келушілер тарапынан үлкен қызығушылық пен қолдауды байқадық. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнебаянымыз мұнай компанияларының бірінің наразылығын туғызды, олар видеоны жоюды талап етті. Біз бұған жол бермейміз. Біздің сұрағымыз құзыретті қызметкерлерге бағытталды және өндірістік не коммерциялық құпияны ашуға тырысқан жоқ», – деді Вадим Ни.
Экобелсенділер сондай-ақ «Бөтелкедегі Каспий» атты бейбіт акция өткізді. Олар іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға брендтелген су құтыларын таратып, әр жұтым Каспий теңізі суының азаюын бейнелейтінін айтты. Акция көрме қонақтарының қызығушылығын тудырды: бірі түсіністікпен қараса, басқалары ирониямен қабылдады.
Save the Caspian Sea павильоны көрме қатысушыларының ғана емес, жергілікті билік өкілдерінің де назарын аударды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамуратов пен облыстық мәслихат депутаты Нұрлыбек Даралиев стендке арнайы келіп, экологтардың бастамаларын қолдады.
Көрме аяқталғаннан кейін Save the Caspian Sea қозғалысының негізін қалаушылар Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне аспиранттарға дәріс өткізуге шақырылды.
Қозғалыс туралы:
Save the Caspian Sea жаһандық қозғалысы 2024 жылдың желтоқсанында қазақстандық және халықаралық ҮЕҰ-ның қатысуымен құрылды. Оның мақсаты – Каспий теңізінің бірегей экожүйесін сақтау және мұнай корпорацияларының экологиялық салдарға жауапкершілігін арттыру.
Қозғалыстың талаптары:
Қозғалыс экологиялық мәселелерге назар аударту үшін ауқымды жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, сарапшылар, белсенділер, ғалымдар, депутаттар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «You.Sea.Problem» халықаралық конференциясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ үш тілде «Каспий теңізі: құтқару не жоғалту» кітабы, «Каспий дауысы» деректі фильмі және теңіз мәселелеріне арналған бейнероликтер сериясы жарық көрді. Барлық материалдар www.savethecaspiansea.com сайтында қолжетімді.
Мониторинг мәліметтері бойынша: 2005-2023 жылдар аралығында Каспий теңізінің деңгейі 185 см-ге төмендеп, су бетінің ауданы 31 мың шаршы шақырымға қысқарды. Егер бұл үрдіс жалғасса, XXI ғасырдың соңына қарай су деңгейі 18 метрге төмендеп, теңіз ауданы 34%-ға азаюы мүмкін. Алты эндемикалық бекіре тұқымдас балық түрінің жойылу қаупі бар. Каспий итбалығының саны 90%-ға азайып, бір миллионнан жүз мыңға дейін төмендеген.
Save the Caspian Sea қозғалысы бұқаралық ақпарат құралдарын Каспий экологиясы мен мұнай компанияларының жауапкершілігі мәселелерін кеңінен жариялауға шақырады. Қоғамдық резонанс пен ақпараттандыру – өңір экожүйесін сақтауға қажетті шараларды қабылдаудың басты шарттары.

- Каспийдегі барлық мұнай жобаларына халықаралық экологиялық аудит жүргізу арқылы олардың қоршаған ортаға әсерін объективті бағалау.
- Келісімшарттардағы экологиялық стандарттарды жариялау.