Баспасөз хабарламасы Сәуір айында Sentinel-1A спутнигі Солтүстік Каспий акваториясында 15 мұнай дағын анықтады
Каспий теңізін қорғауға бағытталған халықаралық экологиялық «Прозрачный мир на Каспии» жобасы шеңберінде жүргізілген радиолокациялық мониторинг нәтижелері «Save the Caspian Sea» жаһандық экологиялық қозғалысының алаңдаушылығын тудырып отыр. 2024 жылғы сәуірде Sentinel-1A жерсерігі жалпы ауданы шамамен 32 км² құрайтын 15 мұнай дағы мен мұнайқұрамдас ластаушы заттарды тіркеді. Бұл шамамен 5000 футбол алаңына тең аумақ.
Жерсеріктен алынған деректерге сәйкес, Каспий теңізінің қазақстандық секторы ең көп ластанған болып шықты: мұнда жалпы ауданы 17,6 км² болатын 5 мұнай төгілуі тіркелді. Екінші орында – Ресей секторы (8 жағдай, 13,4 км²), одан кейін Әзірбайжан секторы (2 жағдай, 1 км²).
Ең ірі мұнай төгілуі (4,9 км²) 24 сәуірде Қазақстан секторының аумағында тіркелді. Сол аумақта жалпы ауданы 11 км² асатын табиғи мұнай бөліністері де анықталған.
Мониторингті жүргізушілердің бағалауынша, Каспий теңізіндегі ең өткір экологиялық мәселелердің бірі – судың мұнай мен оның өнімдерімен ластануы. Бұл ластанулардың көзі – Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Иран және Түрікменстанның суларындағы мұнай мен газ өндіру және тасымалдау жұмыстары, сондай-ақ Каспийге құятын Еділ және басқа өзендер арқылы келетін ластаушы заттар. Ластанудың едәуір бөлігі антропогендік сипатқа ие.
«Мұндай жағдай үнемі бақылауды қажет етеді. Жергілікті төгілу көлемі аз болғанымен, олардың жиынтық әсері Каспий экожүйесіне елеулі қауіп төндіруі мүмкін», – дейді «Каспийдегі ашық әлем» жобасының қатысушылары.
Мониторинг Sentinel-1A спутнигінің радиолокациялық суреттері мен CLASS.PRO аналитикалық платформасы және Ширшов атындағы Мұхиттану институтының әдістемесі негізінде жүргізілді. Зерттеулер Каспийдің солтүстік және ішінара орта бөліктерін қамтыды және «Лоретт» ЖШС, «Раймет» ҒӨФ және Ctrl2GO компанияларымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижелері https://transparentworld.tech/порталында қолжетімді.

1-сурет. 2025 жылғы 24 сәуірде Sentinel-1A спутнигінің радиолокациялық бейнесінде (РЛБ) Қазақстан секторы аумағындағы кемеден төгілген мұнай дағы. © ESA

2-сурет. 2025 жылғы 4 сәуірде Sentinel-1A спутнигінің радиолокациялық бейнесінде (РЛБ) Қазақстан секторы аумағындағы табиғи мұнай бөліністері. © ESA

3-сурет. 2025 жылғы 23 сәуірде Sentinel-1A спутнигінің радиолокациялық бейнесінде (РЛБ) Қазақстан секторы аумағындағы табиғи мұнай бөліністері. © ESA