АТЫРАУ – 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында Атырауда 22-ші «Atyrau Oil & Gas 2025» Солтүстік-Каспий өңірлік көрмесі өтуде. Биыл «Save the Caspian Sea» жаһандық экологиялық қозғалысы көрмеге алғаш рет қатысып, Каспий теңізін қамтыған экологиялық дағдарысқа назар аударып, мұнай компанияларын жауапкершілікке шақыруды көздейді.
Бұған дейін қозғалыс бірнеше рет мұнай-газ компанияларының өкілдерімен диалог орнатуға әрекет жасап, дөңгелек үстелдер мен пікірталастарға шақырту жіберген болатын. Алайда, сала өкілдерінің көпшілігі мәселелерді талқылауға және бірлескен шешімдер іздеуге ат салыспады. Осыған байланысты «Save the Caspian Sea» өз бастамасымен мұнай алпауыттарының алаңына шығып, «Atyrau Oil & Gas 2025» көрмесінде стенд орнатуды ұйғарды.
«Біздің стенд – Каспий теңізінің экологиясы алдындағы жауапкершілікке үндеу. Су ластануынан туындаған мәселелер жайлы үнсіз қалу мүмкін емес. Біз мұнда қоғам мен бизнесті Каспий теңізі тап болған дағдарыс туралы хабардар ету үшін келдік. Біз диалогқа ашықпыз, бірақ бізді елемейді. Мұнай-газ компаниялары біздің дөңгелек үстелімізге келмеген соң, біз олардың алаңына келдік. Олардың стратегиясы – бізді байқамау, бірақ біз Каспийді құтқару үшін белсенді күресімізді жалғастырамыз және мұнай компанияларына қысымды күшейтеміз», – деді «Save the Caspian Sea» қозғалысының негізін қалаушы Вадим Ни.
Қозғалыс өз мақсатының тек сын айтумен шектелмей, компаниялар және мемлекетпен конструктивті өзара әрекеттестік орнату екенін баса айтады. Осыған орай, «Save the Caspian Sea» нақты қадамдар ұсынады: Каспий теңізі акваториясындағы барлық мұнай жобаларына халықаралық экологиялық аудит жүргізу және қоршаған ортаға әсерін объективті бағалау, мұнай өндіруші компаниялармен жасалған шарттардың экологиялық нормаларын ашып көрсету жариялау.
2025 жылғы ақпанда Қозғалыс Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен мұнай компанияларына қарсы Каспий аймағындағы мұнай өндіру қызметін реттейтін Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдердің (ӨБТК) шарттарын жариялауды талап етіп, сотқа талап-арыз бергенін еске саламыз.
«Save the Caspian Sea» ғаламдық қозғалысы 2024 жылғы желтоқсанда қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Каспий теңізінің бірегей экожүйесін сақтау және мұнай корпорацияларының экологиялық зардаптар үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында құрылды.
Қозғалыс құрылған күнінен бері өңірдің экологиялық мәселелеріне назар аудару бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, сарапшылар, белсенділер, ғалымдар, депутаттар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «You.Sea.Problem» халықаралық конференциясын ұйымдастырды. Сондай-ақ үш тілде «Каспий теңізі: құтқару не жоғалту» атты кітапты, «Каспий үндеуі» деректі фильмі және теңіз мәселелеріне арналған бейнероликтер сериясын шығарды. Аталған материалдар www.savethecaspiansea.com сайтында қолжетімді.
Мониторинг деректері бойынша, 2005-2023 жылдар аралығында Каспий теңізінің деңгейі 185 сантиметрге төмендеп, су бетінің ауданы 31 мың шаршы шақырымнан астамға қысқарды. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, XXI ғасырдың соңына қарай су деңгейі 18 метрге дейін төмендеп, теңіз ауданы 34%-ға азаяды. Алты эндемикалық бекіре тұқымдас балық түрі жойылып кету қаупінде тұр. Каспий итбалығының саны 90%-ға қысқарып, бір миллионнан жүз мыңға дейін азайды.
«Save the Caspian Sea» қозғалысы бұқаралық ақпарат құралдарын Каспий экологиясы және мұнай компанияларының жауапкершілігі мәселелерін кеңінен жариялауға шақырады. Қоғамдық резонанс пен ақпараттандыру – өңір экожүйесін сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдаудың басты шарты.
Байланыс үшін «Save the Caspian Sea» қозғалысының өкілі Мира Иманға +77056549388 телефоны арқылы немесе info@savethecaspiansea.com электрондық поштасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.