АСТАНА — ҚР Мәжіліс депутаты, «Аманат» партиясының өкілі Сергей Пономарев ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке Каспий теңізіндегі барлық мұнай жобаларына халықаралық экологиялық аудит жүргізуді талап ететін ресми сауал жолдады. Депутат мұнай компанияларының Каспий өңірінің қоршаған ортасына әсерін объективті бағалап, экологиялық залалды барынша азайтуға бағытталған нақты шаралар әзірлеу қажет деп санайды.
«Қазіргі уақытта Каспий теңізі ірі мұнай өңдеу компанияларының қызметінен туындаған күрделі экологиялық мәселелерге тап болып отыр... 2005 жылдан 2023 жылға дейін теңіз деңгейі 185 см-ге төмендеді. Теңіздің су бетінің ауданы 31 мың шаршы шақырымнан астам қысқарды. Бұл Бельгия аумағымен шамалас. Орташа төмендеу қарқыны – жылына 10 см, кейбір жылдары – 25 см-ге дейін жетеді», — деп мәлімдеді С. Пономарев.
Депутат Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне сілтеме жасай отырып, 2008 жылдан 2023 жылға дейін Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы су айдынының көлемі 7%-ға азайғанын атап өтті. Ең көп таяздану Атырау аймағында байқалады. Осы қарқынмен Солтүстік Каспий 75 жыл ішінде жойылып кетуі мүмкін.
Депутаттың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми дереккөздерде компаниялардың экологиялық талаптарды бұзуы және әртүрлі деңгейдегі апаттық жағдайлар туралы көптеген фактілер келтірілген. Алайда, компаниялар қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және жалпы Каспий теңізінің тағдырына немқұрайлық танытуда.
«Компаниялар экологиялық нормаларды елемеумен қатар, қаржылық жауапкершілікті мемлекетке жүктейді, айыппұлдарға қарсы шығып немесе оларды басқа төлемдер арқылы өтейді», — деді ол.
Күшейіп келе жатқан экологиялық дағдарыс жағдайында ол мұнай компанияларының қызметіне экологиялық бақылауды күшейту бойынша бірқатар шараларды ұсынды. Олардың қатарында:
Save the Caspian Sea қозғалысы депутат Сергей Пономаревтің бастамаларын қолдайды және мұнай жобаларына халықаралық экологиялық аудит жүргізу туралы талаптарға қосылады. Қозғалыс негізін қалаушылар Каспий теңізінің экожүйесінің дағдарысы мемлекет тарапынан шұғыл және шешуші әрекеттерді қажет ететінін және мұнай компанияларының оң жауап беретініне үміттенеді.
Айта кету керек, депутат Сергей Пономарев биылғы ақпанда өткен «You.Sea.Problem» халықаралық конференциясына қатысқан болатын, онда қоғам өкілдері, сарапшылар мен экологтар Каспийді қорғау және оның экожүйесін сақтау мәселелерін талқылады. Save the Caspian Sea қозғалысы бұл мәселеде қоғамдық бақылауды күшейту мен халықаралық ынтымақтастық экологиялық апаттың алдын алудың негізгі факторы деп санайды.

- Қоршаған ортаны қорғау талаптарын күшейту және экологиялық залалды азайту мақсатында мұнай компанияларымен жасалған келісімшарттардағы экологиялық талаптарды қайта қарау.
- Экологиялық нормаларды жүйелі түрде бұзатын компаниялардың лицензияларын уақытша тоқтату.
- Қоршаған ортаға әсерін объективті бағалау және экологиялық залалды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Каспий теңізі акваториясындағы барлық мұнай жобаларына халықаралық экологиялық аудит жүргізу.