Баспасөз хабарламасы «Save the Caspian Sea» қозғалысы Қазақстан Республикасы Президентінің үндеуін қолдап, Каспий теңізін құтқару үшін батыл қадамдар жасауға шақырады
2025 ж. 8 қыркүйек – Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Каспий теңізінің деңгейінің төмендеуіне алаңдаушылық білдіріп, мемлекетаралық бағдарлама мен ШЫҰ жанынан Су мәселелерін зерттеу орталығын құруды ұсынды. Бұл бастамалар «Save the Caspian Sea» қозғалысы құрылған күннен бастап алға тартып келе жатқан негізгі мақсаттарымен үндеседі.
Президент Тоқаев экологиялық апат қаупі нақты екенін атап өтіп, жедел шаралар қабылданбаса, жағдайдың ушығатынын айтты. Ол су ресурстарын сақтау жөніндегі халықаралық бағдарламаны және ШЫҰ жанынан Су мәселелерін зерттеу орталығын құруды ұсынды. Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларының баяу енгізіліп жатқанын және судың заңсыз айналымға түсу тәжірибесін сынға алды.
Сондай-ақ, ол шетелдік компанияларды тарту мен инновациялық шешімдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Президент Қазақстанның Солтүстік Аралды қалпына келтірудегі жетістігін мысалға келтіріп, бұл тәжірибе Каспий үшін үлгі бола алатынын еске салды.
«Save the Caspian Sea» қозғалысы бұл үндеуді халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды қадам деп бағалайды. Жолдау Каспий мәселесі бүкіл өңір елдеріне ортақ екендігін айқын көрсетті.
«Бүгінгі Қазақстан Президентінің Жолдауы – маңызды саяси сигнал. Ол Каспий теңізін құтқару мен қалпына келтіру жолындағы жаңа мүмкіндіктердің басталғанын білдіреді. «Save the Caspian Sea» қозғалысы осы жұмыстарға белсенді түрде атсалысуға дайын», – деді қозғалыс негізін қалаушы Вадим Ни.