АСТАНА, 11 тамыз — High Caspian Week шеңберінде өткен «Каспий экологиясы — сын-қатерлер мен шешімдер» халықаралық конференциясында Save the Caspian Sea экологиялық қозғалысы «Каспийді құтқарудың 10 қадамы» атты резолюция жобасын талқыға ұсынды. Бұл құжат теңіз экожүйесін сақтау мен Каспий маңы өңірінің орнықты дамуына бағытталған жол картасы болмақ. Save the Caspian Sea қозғалысының негізін қалаушы Вадим Нидің айтуынша, Резолюция жақын уақытта ҚР Президенті мен Үкіметіне жүзеге асыру үшін ұсынылады.
«Каспий бойынша көптеген жобалар, бағдарламалар және екі конвенция қабылданды. Алайда біздің іске кіріскен тоғыз ай ішінде теңізді құтқаруға қажетті ең негізгі қадамдар жасалмағанын түсіндік. Бүгін біз өзіміздің қадамдарымызды әзірлеп, жариялауға батылдық таныттық. Құжат жобасын экологтармен, жергілікті қауымдастықтармен, қоғамдық ұйымдармен және заңгерлермен бірлесіп әзірледік. Ұсынылып отырған 10 қадам — бұл мемлекеттер, ұйымдар және азаматтардың күшін біріктіруге мүмкіндік беретін жол картасы», — деп атап өтті Вадим Ни.
Резолюцияда Каспий маңы мемлекеттерінің экологиялық саясатын үйлестіру, ғылыми зерттеулер мен деректер алмасуды кеңейту, экожүйені қалпына келтіру жобаларына инвестиция тарту, өнеркәсіптік қалдықтар мен төгінділерге бақылауды күшейту, сондай-ақ биоалуантүрлілікті және сирек түрлерді қорғау шаралары қамтылған.
Save the Caspian Sea деректеріне сәйкес, теңіз түбі жыл сайын 70 сантиметрге ашылып барады, Қазақстанның кейбір өңірлерінде жағалау сызығы қазірдің өзінде 20 шақырымға шегінген.
Save the Caspian Sea деректеріне сәйкес, теңіз түбі жыл сайын 70 сантиметрге тайызданып барады, ал Қазақстанның кейбір өңірлерінде жағалау сызығы қазірдің өзінде 20 шақырымға шегінген. Ғасыр соңына дейін теңіз тағы 18 метрге таяздап, бұл жағалау аймақтары, экономика және табиғат үшін апатты салдар әкелуі мүмкін. ҚР Экология министрлігінің өкілі Дәулет Есмағамбетов бұл алаңдатарлық болжамдарды растады:
«Соңғы жылдары теңіз деңгейінің төмендеуінің алаңдатарлық үрдісін байқап отырмыз. 2024 жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы деңгей 2023 жылмен салыстырғанда 26 сантиметрге төмендеп, Балтық жүйесі бойынша –29,12 белгісіне жетті. Біздің синоптиктердің деректеріне сүйенсек, Каспий климаты бүкіл Қазақстанға қарағанда әлдеқайда тез жылынуда. Бұл судың қарқынды булануына әкеледі. Сондай-ақ теңізді қоректендіретін өзендердің ағысын реттеу де үлкен рөл атқарады. Ғалымдарымыздың болжамынша, 2050 жылға қарай су деңгейі тағы 3–5 метрге төмендейді», — деді ҚР ЭКМ Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов.
Конференция қатысушылары Каспий теңізіндегі тағы бір маңызды мәселе — теңіз кемелері мен мұнай өндірісінен қалған мұнайлы дақтар екенін атап өтті. Мұндай ластануды жедел анықтау, әсіресе кінәлілерін табу жиі қиынға соғады. «Прозрачный мир на Каспий» жобасының үйлестірушісі, «Раймет» ҚҚ даму директоры Андрей Балагуров бұл дақтарды ғарыштан бақылау арқылы анықтайтын технология туралы айтты. Бұл әдіс өз тиімділігін көрсеткен: «Мұнай дақтарының шағылыстыратын беткі қабаты — кейбір шенеуніктер айтқандай бұлт көлеңкесі емес. Бұл — әрі қарай тергеуді қажет ететін дәлелденген фактілер».
Алайда ластануды тіркеу жеткіліксіз, құқық бұзушыларды жауапқа тарту қажет. А. Балагуровтың мәліметінше, бақылау кезінде анықталған 90 000 дақтың тек 0,5%-ы ғана нақты жазалауға әкелген. Сарапшының айтуынша, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бұл технологияға қызығушылық танытып, оны қолдану бойынша жұмыс кездесулері өткізілуде.
Вадим Ни жауапкершілік барлығына, соның ішінде бизнеске де жүктелетінін атап өтті: «Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз бойынша ӨБК-нің экологиялық шарттарын ашу жөнінде сот процесі жүріп жатыр. Біз ашықтықты талап етеміз. Мұнай компаниялары ұмытпау керек: алтын жұмыртқалайтын тауықты өлтіруге болмайды. Каспийді құтқару — олардың да мүддесі».
Құжаттың соңғы мәтіні 15 тамызда Астанада өтетін Медиафорумда ұсынылады. Іс-шара High Caspian Week аясында өтеді.
Анықтама үшін:
High Caspian Week — 11–16 тамыз аралығында Ақтау, Атырау, Астана және Алматы қалаларында өтетін экологиялық, мәдени және медиялық іс-шаралар сериясы. Бұл күндер Халықаралық Каспий теңізі күніне (12 тамыз) орайластырылған. Мақсаты — Каспийдің апатты түрде таяздануына қоғам назарын аудару және планетадағы ең үлкен тұйық су айдынын құтқару үшін тұрақты шешімдерді іске қосу.
Конференция ұйымдастырушысы — High Caspian Week аясындағы Save the Caspian жаһандық экологиялық қозғалысы. Іс-шараға экологтар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.