БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Каспийдің апатты жағдайы туралы ақпарат миллиондаған адамға жеткізілді
2025 жылғы тамызда Save the Caspian Sea атты жаһандық қозғалыс Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін арқау еткен жеті тілдегі «SOS Caspian» атты веб-документалдық жобасын таныстырды. Интерактивті лонгрид Халықаралық Каспий күні — 12 тамызға арналған High Caspian Week іс-шаралар сериясы шеңберінде жарық көрді.
«SOS Caspian» веб-документі қазақ тілінде және БҰҰ-ның ресми тілдерінде — ағылшын, араб, испан, орыс, қытай, француз тілдерінде қолжетімді. Жоба Еуразия жүрегіндегі экологиялық апат: теңіз деңгейінің төмендеуі, эндемикалық түрлердің жойылуы, судың ластануы және миллиондаған адамның қоныс аудару қаупі жайлы баяндайды. Барлық деректер ғылыми зерттеулер мен халықаралық экологиялық ұйымдардың ресми есептеріне сүйеніп берілген.
Save the Caspian Sea қозғалысының негізін қалаушы Вадим Ни: «Каспий маңындағы халыққа теңіздің өліп бара жатқанын түсіндірудің қажеті жоқ — бұл олардың күнделікті шындығы. Біздің веб-документ теңіз туралы ешқашан естімеген адамдарға арналған. Енді оның бүгінгі халі мен болашақтағы қауіпі туралы Нью-Йорктен Бейжіңге, Брюссельден Буэнос-Айреске дейін білетін болады. Адамдар көбірек хабардар болған сайын — осы баяу өлімді тоқтату мүмкіндігі де артады», — деді.
Бұның маңыздылығы неде?
Веб-документ Change.org сайтындағы петициямен аяқталады. Ол Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей және Түрікменстан үкіметтеріне, сондай-ақ Каспийде жұмыс істейтін барлық компанияларға бағытталған. Петицияда экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділік, тәуелсіз спутниктік мониторинг, Каспийдегі шаруашылық және өнеркәсіптік қызметті бірлесіп реттеу және барлық мүдделі елдердің үйлесімді іс-қимылы талап етіледі. Бір тәулік ішінде петицияны 5 мыңнан астам адам қолдады.
Вебдоктың түрлі тілдегі сілтемелері:
Ағылшын тілі: soscaspian.com
Қазақ тілі: soscaspian.kz
Орыс тілі: ru.soscaspian.com
Араб тілі: ar.soscaspian.com
Испан тілі: es.soscaspian.com
Француз тілі: fr.soscaspian.com
Қытай тілі: cn.soscaspian.com

- Каспий ондаған жылдар бойы өнеркәсіптік қалдықтармен ластанып келеді. Апаттар мен түбін тереңдету жұмыстары теңіз жануарлары мен адамдардың өміріне қауіп төндіреді.
- Кемелер мұнай құрамды және улы қалдықтарды суға төгіп, жағалау экожүйелерін бұзады, жануарларды мекенінен айырады.
- Еділ бойындағы бөгеттер мен суды тиімсіз пайдалану теңізге құятын ағын суды азайтып, оның тартылуына және экожүйелердің жойылуына алып келеді.
- Адам әрекетінен туындаған бұл дағдарыс қайтымсыз салдарға әкеліп, миллиондаған адамның тағдырына әсер етуі мүмкін.